7.09.2026 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша апталық жоспары аясында 4 “а” сыныбында “Мен адал ошушымын!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:
Оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік ұғымдарының маңызын түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және адал болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылармен «Адалдық дегеніміз не?» тақырыбында пікір алмасу жүргізілді. Оқушылар адал адамның бойында қандай қасиеттер болуы керектігін атап, күнделікті өмірден мысалдар келтірді.
Сабақ барысында жағдаяттық тапсырмалар ұсынылып, оқушылар әртүрлі жағдайларда дұрыс әрі әділ шешім қабылдау жолдарын талқылады. Сонымен қатар «Адалдық – асыл қасиет» тақырыбында мақал-мәтелдер айтылып, оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды.