09.12.2025 жылы бракераждық комиссия Есет батыр атындағы мектеп - бақшаның асханасына жоспарлы тексеріс жүргізді
Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, тазалық пен тәртіптің сақталуы, тағамдардың сапасы мен балғындығы, күнделікті ас мәзірінің талапқа сай болуы жан - жақты қаралды. Сонымен қатар өнімдердің сақталу шарттары, ыдыс - аяқтардың тазалығы мен асхана қызметкерлерінің жауапкершілігі де назардан тыс қалмады.
Балаларға ұсынылатын әрбір ас - үлкен жауапкершілік. Сондықтан тағамның дәмді ғана емес, пайдалы әрі қауіпсіз болуы басты назарда. Осындай бақылаулар балалардың денсаулығын қорғап, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
