Ірімшіктің пайдасы
• Кальцийге бай - сүйек пен тісті берік етеді, балалардың бойының өсуіне, қарт адамдарда сүйектің мықты болуына көмектеседі.
• Ақуыз көзі - бұлшықет пен ағзаның қалпына келуіне, энергияға қажетті маңызды зат.
• Витаминдерге бай - А, В, D, Е дәрумендері көздің, терінің, иммунитеттің саулығына пайдалы.
• Ас қорытуға пайдалы - кейбір жұмсақ ірімшіктердің құрамында пайдалы бактериялар болады, ішектің жұмысын жақсартады.
• Ми мен жүйке жүйесіне қолдау - құрамындағы В тобы дәрумендері мен май қышқылдары көңіл - күйді жақсартады.
