Балық тағамдарының пайдасы
Балық - адам ағзасына аса пайдалы, құнарлы өнімдердің бірі. Оның құрамында:
• Жоғары сапалы ақуыз - бұлшықет пен тіндердің қалыпты дамуына қажет;
• Омега - 3 май қышқылдары - жүрек - қантамыр жүйесін нығайтады, ми жұмысына пайдалы;
• Йод, фосфор, селен - қалқанша безі мен жүйке жүйесіне қажетті микроэлементтер;
• A, D, Е дәрумендері - көздің, сүйектің, терінің саулығын сақтайды.
