12.12.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Жас маман – табысқа апарар жол» тақырыбындағы семинар өткізілді. Мақсаты - жас педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу және кәсіби дамуына қолдау білдіру. Семинар барысында жас мамандарға тәжірибелі ұстаздар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттары мен презентациялар арқылы білім беру процесіндегі тиімді тәсілдерді ұсынды.
Семинар нәтижесінде қатысқан мұғалімдерді Алға аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапаттады.
