2025 жылдың 28 наурыз күні Есет батыр атындағы мектеп - бақшасында "Ата - ана мен білім беру ұйымы: бір мүдде" тақырыбында бірыңғай ата - аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Алға ауданы ПБ УПИ полиция майоры С.К.Камарадин, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, мектеп медбикесі және сынып жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Білім беру ұйымдарына алып кіруге тиым салынған заттарды анықтау мақсатында ата - аналардың қатысуымен кезекшілік ұйымдастыру жұмыстары;
2. Оқушылар гигиенасы;
3. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту;
4. Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу; жадынама тарату;
5. Психологиялық сергіту бөлімі экспресс әдіс арқылы ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасын бағалау.
