16.06.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп - бақша жанындағы "Достық" жазғы лагерінің екінші маусымының ашылу салтанаты өтті. Мектеп - бақша директоры А.Т.Султангалиева балаларды лагердің ашылумен құттықтап, жазғы демалыстарының қызықты өтуіне тілек білдірді.
Балалар тақпақ, ән айтып, би билеп көтеріңкі көңіл - күймен өз өнерлерін көрсетті.
Жоспар бойынша таңғы жаттығу жасап, спорттық - сауықтыру, көңілді ойындар ойнады. Сонымен қатар үштілдік оқыту жоспары бойынша сабақ өтті.
