05.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада ата-аналар мен мұғалімдер, мектеп әкімшілігі арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың маңыздылығы:
- Бала тәрбиесінде мектеп пен ата - ананың бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді;
- Мұғалімдер ата - аналарға оқу - тәрбие жұмысы жайлы нақты ақпарат ұсынады;
- Ата - аналар мектеп өміріне белсене араласуға мүмкіндік алады;
- Өзекті мәселелер дер кезінде анықталып, бірлесе шешуге жағдай жасалады.
Күн тәртібінде:
1. "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы, мектеп формасы, ішкі тәртіп, салауатты өмір салты, буллинг пен кибербуллинг, ыстық тамақпен қамту мәселелері.
2. 2025 - 2026 оқу жылына қойылатын мақсат - міндеттер.
3. Үлгерім, оқушылар тәртібі, ата - аналармен ынтымақтастық, интернет қауіпсіздігі, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
4. Қоғамдық жұмыстар - сыныптың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, мектепішілік және сыныпішілік іс - шаралар.
Жиналыс барысында ата-аналар өз ойларын ортаға салып, мектеп пен отбасының байланысын нығайтуға үлес қосты.
