Есет батыр атындағы мектеп-бақшада «Тіл – достықтың дәнекері» айлығы аясында «Жасымда білім бар деп ескермедім...» тақырыбында мектепішілік дебат турнирі өтті.
Мақсаты:
Оқушылардың пікірталас мәдениетін қалыптастыру, өз ойын нақты әрі дәлелді жеткізуге үйрету, сыни ойлау қабілетін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру және Абай мұрасын насихаттау.
Ойын барысы:
Дебат барысында оқушылар өз ұстанымдарын қорғап, тақырып бойынша түрлі пікірлерін ортаға салды. Әр команда өз көзқарасын нақты дәлелдермен негіздеп, қарсы тараптың уәждеріне жауап берді. Қатысушылардың шешендігі, логикалық ойлауы, жылдам шешім қабылдауы және өз пікірін мәдениетті түрде жеткізе білуі сынға түсті.
Қызу пікірталасқа толы турнир барысында білімнің адам өміріндегі маңызы, жастық шақта уақытты тиімді пайдалану, ізденіс пен өзін-өзі дамыту мәселелері кеңінен қозғалды.
