3.04.2026 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада "Жасөспірім - қауіпсіз ортада" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. 3 тоқсанның қорытындысы - ДОЖЖО Мәдетхан Д.
2. Бала қауіпсіздігі - участкелік полиция инспекторы Камарадаин С.Қ.
3. Мектеп формасын сақтау талаптары - ДТЖЖО Синина Р.Ж.
4. Суицидтің алдын алу - мектеп психологі Кужабаева А.С.
5. Құқықбұзушылықтың алдын алу ( түнгі мезгілде бос жүру, суық қару) - әлеуметтік педагог Алмағамбет А.Ғ.
Жиналыс барысында пән мұғалімдері өз бағыттары бойынша ақпарат беріп, ата-аналармен кері байланыс орнатты.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар айтылды.