Есет батыр атындағы мектеп-бақшада жаңа оқу жылының басталуына орай мектеп-бақша директоры Айнұр Төремырзақызы, Бесқоспа ауылдық округінің әкімі Нұржан Нәдірханұлы, учаскелік полиция инспекторы Ербол Серікұлы білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналармен бірлескен жұмысты күшейту мақсатында маңызды кездесу өткізді.
Кездесуде жаңа оқу жылындағы қауіпсіздік шаралары бойынша төмендегідей өзекті мәселелерді талқылады.
оқушылардың мектепке келуі мен қайту кезіндегі қауіпсіздігі;
жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау;
кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүрмеуін қамтамасыз ету;
құқық бұзушылық пен буллингтің алдын алу;
ата-аналармен тұрақты кері байланыс орнату және ата-аналардың бала қауіпсіздігіне жауапкершілігін арттыру;
әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану;
мектеп пен полиция арасындағы профилактикалық жұмысты жүйелі жүргізу мәселелері қарастырылды.
Кездесу барысында бала қауіпсіздігі – мектеп, ата-ана, полиция және жергілікті атқарушы органдардың ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.
Жаңа оқу жылында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табады.
Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!
