Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Есет батыр атындағы мектеп-бақша" КММ
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"Есет батыр атындағы мектеп-бақша" КММ
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Есет батыр атындағы мектеп-бақшада 2–8 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарын таныстырып, өзекті тақырыптарды зерттеудегі ізденістерін, тың идеялары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Әрбір жоба – оқушының ізденісі мен еңбегінің, білімге деген қызығушылығының және ұстаз еңбегінің жемісі. Жас зерттеушілер өз жұмыстарын қорғау арқылы зерттеу жүргізу, ақпаратты саралау, ойын жүйелі жеткізу дағдыларын жетілдірді.
Ғылымға қадам басқан жас ізденімпаздарға алдағы кезеңдерде сәттілік, шығармашылық шабыт және толағай жетістіктер тілейміз!