Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Есет батыр атындағы мектеп-бақша" КММ
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"Есет батыр атындағы мектеп-бақша" КММ
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Ұстаздар күніне орай мектебімізде «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!» атты мерекелік концерт өтті.
Мерекелік шараға мектебіміздің ардагер ұстаздары мен зейнеткер педагогтері арнайы қатысып, мерекенің сәнін кіргізді. Шәкірттеріміз ән мен жырдан шашу шашып, мың бұрала би билеп, жүрекжарды тілектерін арнады. Әрбір өнер нөмірі ұстаздарға деген шынайы құрмет пен ыстық ықыластың көрінісіне айналды.
Мерекелік шара барысында бірқатар ұстаздарымызға білім беру саласындағы елеулі еңбегі, кәсіби шеберлігі мен шәкірт тәрбиелеу жолындағы адал қызметі үшін марапаттар табысталды. Бұл – ұстаз еңбегіне көрсетілген зор құрмет пен жоғары бағаның белгісі.
Кеш жылы лебіздерге, ерекше әсер мен жарқын сәттерге толы болды. 
Ұстаз еңбегі – мәңгілік өнеге, ал шәкірт жүрегіндегі құрмет – ең асыл марапат!