«Жарқыра» қыздар ұйымының жоспарына сәйкес «Шебер қолда – дәмді ас» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қыздарымыз тәтті кекс пісіріп, аспаздық шеберліктерін шыңдап, өз қолдарымен дәмді әрі әдемі тағам дайындады.
Ең алдымен қыздарға ас үйдегі қауіпсіздік ережелері, құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану, жұмыс орнын таза ұстау және жеке бас тазалығының маңыздылығы түсіндірілді.
Практикалық бөлімде қыздар бір-бірімен тәжірибе бөлісіп, ұқыптылық пен жауапкершілікті сақтай отырып, кекс дайындау барысын қызығушылықпен орындады.
Бұл іс-шара қыздарға тек аспаздық дағды қалыптастырып қана қоймай, еңбекке баулу, тазалықты сақтау, қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау, өзіне-өзі қызмет ету және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
Жарқыра – үйрен, жаса, шабыттан!
