23.04.2026 жылы мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын пәндерінің онкүндігінің жұмыс жоспары бойынша бастауыш сынып оқушылары арасында «Птицы — наши друзья» тақырыбында кластан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызы туралы түсінік беру, оларды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып:
Құстар туралы тақпақтар айтты
Қызықты жұмбақтарды шешті
Танымдық бейнематериалдармен танысты
Құстарға арналған ұяларды бояп, безендірді
Жемсауыт орнатып, оған жем салып, құстарға қамқорлық көрсетті
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы оқушылар табиғатты аялауды, құстарға жанашырлықпен қарауды үйренеді.
Өткізген: орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері: Муратова А.Т., Аққойшина А.Р.