«Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық тимбилдинг өтті
Есет батыр атындағы мектеп-бақшада Отбасы күніне орай тимбилдинг ұйымдастырылды!
Отбасы – адамға жылулық сыйлайтын, бірлік пен татулықтың бастауы, ең қымбат құндылықтардың бірі. Осы орайда отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» атты көңілді әрі мазмұнды тимбилдинг өткізілді.
Тимбилдингке ата-аналар мен оқушылар белсенді қатысып, түрлі қызықты әрі шығармашылық тапсырмаларды бірлесе орындады. Әрбір кезең қатысушылардың ұйымшылдығын, тапқырлығын, шапшаңдығын және бір-біріне деген қолдауын көрсетті.
Көтеріңкі көңіл күй, шынайы күлкі, достық қарым-қатынас пен ерекше эмоцияға толы шара қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады. Ең бастысы – ата-ана мен бала бірге уақыт өткізіп, бір мақсатқа жұмылып, отбасылық бірліктің маңызын сезінді.
Белсенділік танытып, ерекше өнер көрсеткен қатысушылар түрлі атаулы номинациялармен марапатталды.
Отбасы – бұл бірге күлу, бірге қуану, бір-біріне қолдау көрсету және әр сәтті бірге бағалау!
Бақытты отбасы – берекелі қоғамның негізі!
Өткізген: мектеп психологі Кужабаева А.С.