Оқушы жетістігі
"АҚТӨБЕ-ДАРЫН" өңірлік ғылыми - тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушыларына арналған облыстық «JAS зерттеуші» зерттеу жобалары конкурсында 6 "А" класс оқушысы Сқақ Фаиза өзінің ізденімпаздығы мен білімін дәлелдеп, жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бағыт-бағдар берген жетекшісі — А.С. Кужабаеваға ерекше алғыс білдіреміз!
Фаизаға алдағы асуларда биік белестерді бағындырып, үлкен ғылым әлемінде жеңістер тілейміз! Қанаттарың талмасын, жас зерттеуші!
