21.09.2026 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада 7–11 сынып қыздарының қатысуымен «Нәзіктік пен парасат» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.
Жиналыстың негізгі мақсаты – қыз балалардың бойындағы нәзіктік, әдептілік, парасаттылық, өзін-өзі құрметтеу және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік мәселелеріне назар аудару, өз құндылығын сезінуге және өмірлік дұрыс таңдау жасауға бағыт беру.
Іс-шараға директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Тапалова К.А., мектеп психологы Кужабаева А.С., мектеп медбикесі Сапарова А.Ш. және «Жарқыра» қыздар ұйымының жетекшісі Қоңыратбаева Н.С. қатысты.
Жиын барысында қыздарға өзін құрметтеу, жеке шекара, әдептілік, жеке бас гигиенасы туралы ақпарат берілді және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша жадынама таратылды. Психологиялық тренинг өткізіліп, қыздар өз ойларымен бөлісті.