08.09.2026 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада Отбасы күніне орай бастауыш сыныптары арасында «Менің спорттық отбасым» атты отбасылық эстафета ұйымдастырылды. Ата-аналар мен оқушылардан құралған отбасылық командалар спорттық сайыстарда өзара бақ сынасып, шапшаңдықтарын, ептіліктерін және ұйымшылдықтарын көрсетті.
Жарыс барысында түрлі қызықты әрі тартысты ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік пен көтеріңкі көңіл күй танытты. Әр отбасы жеңіске деген жігерін көрсетіп, бір-біріне қолдау білдіріп, отбасылық бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша белсенді қатысқан отбасылар арнайы атаулы номинациялармен марапатталды.