"Мен - елімнің патриотымын" атты патриоттық әндер байқауы өтті.
Есет батыр атындағы мектеп-бақшада бастауыш және 5-6 сыныптар арасында "Мен - елімнің патриотымын" атты патриоттық әндер байқауы өтті.
Байқау барысында оқушылар орындау шеберлігі
(әнді жанды дауыста таза, плюссыз орындауы) , сахналық мәдениет
(киім үлгісі, сахнада өздерін ұстауы), патриоттық рухыты жеткізуі
(әннің мазмұнын сезіммен жеткізіп, Отанға деген сүйіспеншілікті көрсетуі)
жоғары бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды.
Мақсаты:
Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру және өнерге деген қызығушылықтарын дамыту.
