Күзгі каникул уақытын оқушылар үшін тиімді әрі пайдалы ұйымдастыру мақсатында мектебімізде спорттық секциялар жоспарға және бекітілген кестеге сәйкес жүйелі түрде өткізілуде.
Спорттық жаттығулар барысында оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланып, дене белсенділігін арттырып, шапшаңдық, ептілік, төзімділік пен командалық бірлік дағдыларын жетілдіруде. ⚽️🏐🏀
Спортпен шұғылдану — салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды бөлігі. Оқушылардың каникул кезіндегі белсенділігін арттыру арқылы олардың денсаулығын нығайтуға және уақыттарын пайдалы өткізуіне жағдай жасалуда.
💪 Белсенді демалыс — мықты денсаулықтың негізі!