Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Есет батыр атындағы мектеп-бақша" КММ
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"Есет батыр атындағы мектеп-бақша" КММ
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мектебімізде «Жарқыра» қыздар ұйымының кезекті жиналысы ұйымдастырылды. Жиынның негізгі мақсаты – қыз балалардың бойында жауапкершілік, мәдениеттілік, саналы таңдау жасау және өзін-өзі құрметтеу құндылықтарын қалыптастыру.

📌 Күн тәртібінде төмендегідей маңызды мәселелер қарастырылды:

🔹 «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында мектеп медбикесі  А.Ш.Сапарова түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қыз балалардың денсаулығын сақтау, жеке гигиена және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті.

🔹 «Қыздар әлемі: мәдениет, білім, жауапкершілік» тақырыбында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.А.Тапалова  қыз баланың қоғамдағы орны, әдептілік, тәрбиелілік, білімге ұмтылу және өзіндік мәдениет туралы ой қозғады.

🔹 «Өз өміріңе жауапкершілікпен қара» тақырыбында әлеуметтік педагог Г.Ғ.Меңешова баяндама оқып, қыздарға өмірлік таңдаудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар қатысушыларға өзіне сенімділікті арттыруға, жақсы ой қалыптастыруға және болашаққа мақсат қоюға бағытталған мотивациялық карточкалар таратылды.

💗 Кездесу барысында қыздар өз ойларымен бөлісіп, маңызды сұрақтарға жауап алды.

Басты мақсатымыз – өз қадірін білетін, саналы таңдау жасайтын, білімді, мәдениетті әрі жауапкершілігі жоғары қыз тәрбиелеу!

✨ Өзіңе сен. Біліміңді арттыр. Арманыңнан бас тартпа. Жарқыра!