25 қазан – Республика күніне орай Есет батыр атындағы мектеп-бақшада «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік шара өтті. ✨
🎯 Шараның мақсаты:
Оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, ел тарихын құрметтеуге баулу, елжандылық қасиеттерін қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойына жауапкершілік пен бірлік құндылықтарын сіңіру.
Мерекелік шара барысында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, барша ұстаздар мен оқушыларды Республика күнімен құттықтады. Елге деген сүйіспеншілік пен бірліктің маңызын атап өтіп, оқушыларға ізгі тілегін білдірді.