31.03.2026 ж. "Қамқор" жобасы аясында «Құстарға қамқор болайық» атты акция ұйымдастырылды. Бұл шараға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысып, құстарға арналған әдемі ұялар жасап әкелді. Дайындалған ұялар мектеп ауласындағы ағаштарға ілініп, кішкентай қанатты достарымызды қарсы алуға толық дайындық жасалды.
Табиғатқа жанашырлық танытып, еңбектенудің үлгісін көрсеткен оқушылардың бұл әрекеті – қамқорлық пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Ұяларды көркем етіп іліп берген Қази ағайға мың алғыс білдіреміз!
Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
