9.04.2026 ж. «Жарқыра» қыздар ұйымының жоспары бойынша «Көркіне ақылы сай» интеллектуалды ойыны өтті.
Ойын барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша логикалық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Әр кезең ерекше тапсырмалармен толықтырылып, қыздардың ойлау қабілеті мен жылдам шешім қабылдау дағдылары сынға түсті.
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылықтарын арттыру, тапқырлық пен зияткерлік дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар, қыздардың өзіне деген сенімділігін қалыптастырып, көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
Ойын нәтижесінде жеңіске жеткен топ марапатталып, ерекше өнер көрсеткен қыздарға арнайы номинациялар берілді.
Өткізген: ұйым жетекшісі Қоңыратбаева Н.С.
