29.04.2026 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында мамыр айының мерекелік аудандық іс-шаралар жоспары аясында «Көгалдандырылған аула» атты игі шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі мен оқушылар бірлесе отырып, аулаға гүл отырғызып, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты.
Табиғатты аялау, еңбекке баулу және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру – бұл шараның басты мақсаты болды.