1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай Есет батыр атындағы мектеп-бақшада барлық сыныптарда бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Конституциясы – Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі».
Мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру, заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілігін арттыру, адалдық, отансүйгіштік және өз еліне деген құрмет құндылықтарын қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында білім алушылар Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі туралы ой бөлісіп, өздерінің құқықтары мен міндеттері жөнінде түсініктерін кеңейтті.