29.04.2026 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында Ертежүктіліктің алдын алу бойынша аудандық апталық жоспарына сәйкес оқушыларға ерте жастағы жүктіліктің денсаулыққа, психологиялық жағдайға және болашақ өмірге тигізетін кері әсерлері туралы түсінік беру, қыз балаларды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға, саналы шешім қабылдауға тәрбиелеу, өз армандары мен мақсаттарын айқындауға бағыттап, білім алудың, өзін-өзі дамыту мен жарқын болашақ құрудың маңыздылығын түсіндіру мақсатынада "Жарқыра" қыздар ұйымы қатысушыларымен «Ерте жастағы жүктілік – болашаққа балта шабу» тақырыбында сыр-сұхбат өтті.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің болашақ мамандықтары, арман-мақсаттары туралы ой бөлісіп, алдағы уақытта өздерін қандай тұлға ретінде көретіндерін ашық жеткізді. Әрбір қатысушы өз арманына жету жолында білімнің, табандылықтың және дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығын атап өтті.