Есет батыр атындағы мектеп-бақшаның бракераждық комиссиясы асханаға тексеріс жүргізді. Комиссия мүшелері азық-түліктің сапасына, оның асханаға қалай тасымалданып, жеткізілетініне назар аударды. Балалардың таза ауыз сумен қамтылуын және бақылауға арналған тағамның бар-жоғын тексерді. Сондай-ақ қасықтар мен шанышқыларды сақтайтын арнайы кассеталардың болуы, құралдардың тұтқалары жоғары қаратылып, дұрыс орналастырылуы қаралды. Асханаға қатысты құжаттардың уақытылы толтырылып, ретімен сақталуына да көңіл бөлінді. Бұл жұмыстың мақсаты — балалардың таза, сапалы әрі қауіпсіз тамақтануына жағдай жасау.
Балаларымыздың денсаулығы мен амандығы әрдайым маңызды!
