«Біз біргеміз!» — Бірліктен басталған жақсылық!
Отбасы күніне арналған апталық өз мәресіне жетіп, «Біз біргеміз!» ұранымен қорытындыланды.
Апталықтың басты мақсаты – отбасы құндылығын дәріптеу, өзара сыйластық пен бірлікті нығайту, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, жауапкершілікке және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Апталық аясындағы игі шаралардың жалғасы ретінде «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылып, мектеп оқушылары мен ұстаздар бірлесе отырып сенбілік өткізді.
Мектеп аумағын тазалап, айналаны абаттандыруға атсалысқан әрбір қатысушы өз үлесін қосты. Себебі таза орта – ортақ жауапкершілік, ал жақсы іс – бірліктен басталады!
Отбасы – тәрбиенің бастауы болса, мектеп – сол тәрбиені ізгі істермен жалғастыратын орта.
Апталыққа белсенді қатысып, игі бастаманы қолдаған барша ұстаздарымыз бен оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз!
