Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Есет батыр атындағы мектеп-бақша" КММ
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"Есет батыр атындағы мектеп-бақша" КММ
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Есет батыр атындағы мектеп-бақшада 5–6 сынып оқушылары арасында жыл мезгілінің ең көркем шағын дәріптейтін «Алтын күз – 2026» байқауы ұйымдастырылды.
Байқау барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды:
Таныстыру кезеңі – сыныптар өз жұптарын ерекше форматта таныстырды;
Сұрақ-жауап кезеңі – білімдері мен тапқырлықтары сыналды;
Өнер кезеңі – қатысушылар ән, би және басқа да өнерлерін паш етті;
Сән көрсету кезеңі – күздің әсемдігін ерекше образдар арқылы көрсетті.
Әр жұп байқауға белсене қатысып, өз сыныбының намысын қорғады. Қатысушылардың дайындығы, сахнадағы еркіндігі мен шығармашылық ізденісі байқауды тартысты әрі қызықты ете түсті.
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру, өзара ынтымақтастық пен белсенділікті нығайту.