Күзгі каникул уақытын тиімді пайдаланып, оқуға көңіл бөлген 4 “б” класс оқушысы Жоламан Дулат Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасын оқып, кітапты оқырмандарға таныстырды.
Дулат шығарма мазмұнына тоқталып, басты кейіпкер Қожаның мінезі мен басынан өткерген қызықты оқиғалары туралы өз ойымен бөлісті. Кітаптағы оқиғалар арқылы достық, адалдық, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарының маңызын атап өтті.
📖 Кітап оқу – ойды дамытып, дүниетанымды кеңейтетін рухани қазына.
