Есет батыр атындағы мектеп бақшаның «Таза жүрек» еріктілер тобы 1 қазан Қарттар күніне орай «Жылулық сыйлайық» акциясы аясында ауылымыздың ардақты әжесі, мектебімізде ұзақ жылдар бойы медбике болып абыройлы қызмет атқарған Биғайша әжеге арнайы барып, ақжарма тілектерін арнап, мерекелік құттықтауын жеткізді.
Өзінің саналы ғұмырында талай жанның денсаулығына қамқорлық танытып, шәкірттерге мейірімін төккен Биғайша әжемізге құрмет көрсету – өскелең ұрпақтың үлкенге деген ізеті мен шынайы ықыласының көрінісі.
Ақ батасын берген әжеміздің жүзіндегі қуаныш пен көңіліндегі жылылық еріктілерімізге ерекше әсер сыйлады. Өйткені кейде бір ауыз жылы сөз, шынайы ықылас пен көңіл бөлу – адамға берілетін ең қымбат сый.
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет, ал мейірім мен ізгілік – жүректен басталады!
